Accessibility links

Латвияда орыс тілінде оқытуды азайтуға қарсы шеру өтті


Білім саласындағы мемлекеттік тілге қатысты рефрмаға қарсы шеруге қатысушылар. Рига, 2 маусым 2018 жыл. (Көрнекі сурет.)
Білім саласындағы мемлекеттік тілге қатысты рефрмаға қарсы шеруге қатысушылар. Рига, 2 маусым 2018 жыл. (Көрнекі сурет.)

Латвияда бес мыңға жуық адам "Латвия орыс одағы" ұйымдастырған орыс мектептерін қорғау шеруіне шықты. Олар ел мектептерінде сабақтың латыш тіліне көшуіне қарсылық білдіріп, ол процесті "мәжбүрлі ассимиляция" деп атаған.

Қазір Латвияда мектептің екі түрі – латыш тілінде білім беретін және ұлттық азшылық мектептері бар, соңғысында орыстілді балалар да оқиды. Ұлттық мектептерде сабақтың 60 пайызы латыш тілінде, қалған 40 пайызы – ұлттық азшылық тілінде оқытылады. Сәуірде Латвия президенті Раймондс Вейонис елдегі барлық мектептерді 2021 жылға қарай мемлекеттік тіл – латыш тіліне көшіру туралы заң өзгерісін бекіткен.


Наразылық акциясы қарсаңында полиция "Латвия орыс одағы" ұйымының бірнеше белсендісін ұстаған деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметінің Латвиядағы тілшісі. Оларды, мәселен, орыс тілінде оқытуды жақтайтындар "латыш қоғамына қатер" туғызуы немесе "Ресейге Латвияны жазалауға жәрдемдесуі" қажет деген сөздері үшін ұстаған. Полиция бірнеше қылмыстық іс қозғаған, олардың кейбірі ұлттық араздық туғызуға және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруге байланысты қозғалған.

Бұған дейін наразылық акциясы Ригада маусымның басында өткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG