Accessibility links

АҚШ Қытайға қарсы жаңа санкция дайындап жатыр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын күндері құны 200 миллиард доллар тұратын Қытай экспортына қатысты қосымша салық енгізуді жоспарлап отыр. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, АҚШ әкімшілігі 10 пайыздық баж салығын енгізбек. Мұның алдында салық көлемі 25 пайыз деп хабарланған.

Бұл шара қашан іске асатыны анық емес, дегенмен ақпаратқа қарағанда, Трамп Пекинге қысымды күшейту мақсатында Қытаймен сауда келісімін жүргізер алдында жүзеге асырмақ.

Пекин Қытайда жұмыс істейтін американдық компаниялардан технологияларын қытайлық серіктестеріне беруді талап етеді. Вашингтон болса бұл тәжірибеден бас тарту керек деп есептейді.


Бұған дейін Трамп әкімшілігі құны 50 миллиард доллар тұратын Қытай тауарларына 25 пайыздық салық салған. Қытай америкалық санкцияларға санкциямен жауап беріп келеді.

The Wall Street Journal жазуынша, "Пекиннің кезекті шараға төтеп беруі қиынға соғады. Себебі Қытайдың АҚШ-тан импорттайтын тауарынан экспорттайтын тауары басым".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG