Accessibility links

Астана Қырғызстаннан түскен нотаға қатысты тексеру бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, "Алматы әуежайында Қырғызстан азаматтарының құқығы бұзылып жатыр" деген Бішкектің нотасына қатысты тексеру басталған.

"Біз қазір мәселенің мән-жайын және нақты қандай тексерулер жүргізілгенін анықтап жатырмыз" дейді Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. Оның сөзінше, "Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік режимі барлық азаматтарға бірдей" және "өткізу пункттеріндегі азаматтардан жауап алу да мемлекеттік шекара туралы заңның аясында жүргізіледі".

14 қыркүйекте Қырғызстандағы Қазақстанның елшісі Кәрім Көкірекбаев, Қырғызстан сыртқы істер министрлігіне шақыртылған. Оған қазақстандық шекара қызметкерлері қырғыз азаматтарын Алматы халықаралық әуежайында жиі тексеретіні туралы арыздар себеп болған.

Қырғызстан тарабы "Қазақстанның құзыретті органдардың әуежайда азаматтарын шектен тыс тексеретініне алаңдаушылық білдіріп, азаматтарының құқықтарын бұзуға жол бермеуге шақырып", елшіге наразылық нотасын тапсырған.

Биыл мамыр айында да Бішкек Астанаға дәл осындай нота жолдаған. Сол кезде Қазақстан жағы "тексеру халықаралық террористік ұйымға мүше азаматтардың анықталуына байланысты жүріп жатыр" деп түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG