Accessibility links

АҚШ Жоғарғы сотына кандидат жыныстық бопсалау дауына қалды


Бретт Кавано, АҚШ Жоғарғы сотына кандидат. Вашингтон, 4 қыркүйек, 2018 жыл.
Бретт Кавано, АҚШ Жоғарғы сотына кандидат. Вашингтон, 4 қыркүйек, 2018 жыл.

АҚШ Жоғарғы сотының жаңа судьясына кандидат Бретт Каваноға "сексуалды зорлық-зомбылық жасады" деген айып тағылды.

Осыдан біраз уақыт бұрын сенатор-демократ Барбара Файнстайн қолында Каваноның әдепсіз қылығын баяндаған әйелдің хаты бар екенін мәлімдеген. Дегенмен ол әйелдің есімін атаған жоқ. Ақпаратқа қарағанда, Кавано мас күйінде ол әйелге 30 жыл бұрын, екеуі де жоғарғы сыныпта оқып жүргенде тиіскен.

Каваноның өзі бұл айыпты жоққа шығарады. Оны Каваноның кандидатурасын Жоғарғы сотқа ұсынған Дональд Трамптың жақтастары да қолдап отыр. Ал демократтар болса фактіге қатысты тексеру аяқталғанша Каваноның кандидатурасына қатысты дауыс беруді кейінге қалдыруды етіп жатыр.

Трамптың жиі сынайтын, республикашыл сенатор Джефф Флейк Каваноны айыптап отырған әйелге өз позициясын сенатқа жеткізуге мүмкіндік беру керек дейді. Сенат Каваноға қатысты дауыс беруді қыркүйектің 20-сында өткізуді жоспарлаған, енді сайлау кейінге шегерілуі мүмкін.


Бретт Кавано өзінің консервативті көзқарасымен танымал. Дональд Трамп оның кандидатурасын отставкаға кеткен судья Энтони Кеннедидің орнына ұсынған. Демократтар егер ол Жоғарғы сотқа тағайындалса, АҚШ сот органы Конституцияның консервативті түсіндірмесіне қайта оралуы мүмкін деп қауіптенеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG