Accessibility links

Омурбек Бабановқа қарсы қылмыстық іс тоқтатылды


Жогорку Кеңештің экс-депутаты, "Республика Ата-Журт" партиясының лидері Омурбек Бабанов.
Жогорку Кеңештің экс-депутаты, "Республика Ата-Журт" партиясының лидері Омурбек Бабанов.

Қырғызстан Жогорку Кеңешінің экс-депутаты, "Республика Ата-Жұрт" партиясының лидері Омурбек Бабановқа қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (МҰҚК) Ыдырыс Кадыркулов парламентте мәлімдеді.

Былтыр құзырлы органдар президент сайлауы қарсаңында Бабановтың Оштың "Он-Адыр" шағын ауданында үгіт-насихат кезінде сөйлеген сөздері "ұлтараздық тудырады" деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған. МҰҚК басшысы халықаралық және жергілікті сарапшылар Бабановтың сөйлеген сөздерінде "ұлтараздықты туғызатын әрекеттер жоқ" деп таныды дейді.

Биыл қаңтарда Бабановтың Ошта сөйлеген сөзін талдаған тәуелсіз сарапшылар тобының құрамында болған Үмүт Култаеваны Қырғыз ұлттық университеті Конфуций институтының директоры қызметінен босатқан еді. Сарапшылар тобы "Бабановтың сөзінде ұлтаралық араздыққа шақыру белгілері жоқ" деген қорытынды жасаған.

Оқи отырыңыз: Омурбек Бабановтың саяси мансабы аяқталды ма?

Ыдырыс Кадыркулов барлық материалдың тергеу ісіне берілгенін айтады. "Олар мұны қылмыстық іс аясында қарады. Іс тоқтатылды" деді ол.Бабановқа қатысты былтыр 4 қарашада Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-тармағы ("Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге жария түрде шақыру") және 299-бабының 1-тармағы ("Ұлттық, нәсілдік және діни араздық туғызу") бойынша іс қозғалған.

2017 жылы президент сайлауынан кейін Омурбек Бабанов Қырғызстаннан кетіп, саяси мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG