Accessibility links

Қасымов "жемқор қызметкері үшін отставкаға кету" ұсынысына жауап берді


Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.
Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін бірінші басшыларын жауапқа тарту туралы ұсынысына комментарий берді.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Астанада журналистер сауалдарына жауап берген Қасымов "Әрине, қашан да айыпталушының кінәсін тексеру керек. Егер менің орынбасарым ондай әрекет жасаса, біз барлығымыз бірдей отставкаға кетуге тиісті боламыз" деді. Министр "Қарамағындағы қызметкеріңіз сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп танылған жағдайда қызметіңізден кетесіз бе? деген сұраққа "Иә" деп жауап берді.

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парламентке қарамағындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қызметі үшін қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда басшыларын жеке жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізген.

25 қыркүйекте БАҚ Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Алмас Садубаевтың министрліктің жеке қауіпсіздік департаменті АҚШ азаматы Александр Лидің мәлімдемесі бойынша тексеру жүргізгені туралы хабарламасын жариялаған. Александр Ли Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіровтің өз бизнесін "рейдерлік жасап тартып алғанын" мәлімдеген. "Аталған үндеудегі азаматтың "Әубәкіровтің отбасы Алматыдағы ортақ бизнесімді рейдерлік жасап тартып алды" деген дәйектері расталмады" делінген Садубаевтың хабарламасында.

Амантай Әубәкіров 2009 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG