Accessibility links

Астанада журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті


Астана полицейлері (Көрнекі сурет).
Астана полицейлері (Көрнекі сурет).

Астанада 25 қыркүйеккке қараған түні журналист Ирина Бекетованы өлтіріп кетті. Полицияның хабарлауынша, журналистің өліміне қатысты 34 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінген. Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 37 жастағы Бекетованың денесі өзі тұратын көпқабатты үйдің подъезінен табылған.

"Күдіктіні ұстау шаралары жасалып жатыр. "Кісі өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды" деп хабарлады Азаттыққа департаменттің баспасөз қызметі.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ирина Бекетова 12 жылға жуық "Қазақстан теміржолшысы - Железнодорожник Казахстана" газетінде жұмыс істеген. Соңғы айда Nur.kz ақпараттық сайтымен жұмыс істесе бастаған. Журналистің әріптестері мессенджер арқылы марқұмның отбасына көмек көрсету үшін қаржы жинай бастағанын хабарлады.

Әріптестерінің айтуынша, марқұмның артында төрт баласы қалды.

Ирина Бекетовамен қоштасу рәсімі 27 қыркүйекте "Артем" базарының жанындағы мешітте өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG