Accessibility links

Иран "Ахвазда шабуыл жасаған" Сириядағы содырларды зымыранмен атқылады


Иранның Сириядағы содырларға зымыран ату сәті. 1 қазан 2018 жыл.
Иранның Сириядағы содырларға зымыран ату сәті. 1 қазан 2018 жыл.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Иран әскери-әуе күштері Ахваз қаласында әскери парад кезінде шабуыл жасады деп күдіктенетін Сириядағы содырларды баллистикалық зымыранмен атқылағанын хабарлады.

"Фарс" агенттігінің 1 қазан күні хабарлауынша, Сирияның шығысындағы Албу Камал лагерін Иран зымыранмен атқылап, бірнеше содырдың көзі жойылды.

Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында 22 қыркүйек күні әскери парад кезінде шабуыл жасалып, 25 адам қаза тапқан, 60-қа жуық адам жараланған. Терактіден оң іле-шала екі экстремистік ұйым – "Ислам мемлекеті" тобы мен өздерін "Арабтардың Ахваз бостандығы үшін күресі қозғалысы" деп атайтын радикалдық топ шабуылды мойнына алатынын мәлімдеген.

Иранның Ислам революциясын қорғау корпусының ресми вебсайтында 1 қазан күні "Ахваздағы террорлық қылмысқа жауаптылардың штаб-пәтеріне" соққы берілгені хабарланды. Зымыранды Ислам революциясын қорғау корпусының әскери-әуе күштері атқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG