Солтүстік Қазақстан облысында дизель бағасы шамамен 30 теңгеге (20 пайыз) қымбаттады. Бір ай бұрын Петропавлдағы жанармай бекеттерінде дизельдің бір литрі 180 теңгеден аспаған. Қазір жанармай станцияларында жаздық дизель 209-210 теңгеден сатылып жатыр. Қысқы дизель бағасы әзірге 240 теңгеден қымбаттаған жоқ.
Жергілікті билік бұл қымбатшылықты Павлодардағы мұнай-химия зауытының жөндеуге жабылып, жанар жағармайдың көрші Ресейден тасымалдануымен байланыстырады.
- Дизель отынының қымбаттауына біріншіден біздің Павлодар мұнай өңдеу зауытының биыл тамыз айында жөндеуге жабылғаны себеп болды. Сол себептен мысалы, біздің операторлар Шымкентегі зауыттан (мұнай өңдеу зауыты - ред.), Атыраудағы зыуыттан дизель тасымалдаса да ол қымбатқа шығатын еді. Сондықтан біздің орналасқан жерімізге байланысты Ресейден импортқа әкелінеді. Сол себепті баға өсіп отыр, - дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұрат Нұрқанов.
ПІКІРЛЕР