Accessibility links

БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Никки Хейли қызметінен кетеді


Никки Хейли, БҰҰ-дағы АҚШ елшісі
Никки Хейли, БҰҰ-дағы АҚШ елшісі

Никки Хейли АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі қызметінен кететін болды. АҚШ президенті Дональд Трамп оның отставкаға кету туралы өтінішін қабылдағанын растады. Хейли енді жыл соңына дейін қызметінен кетуі тиіс. Трамптың айтуынша, Хейли өзін отставкаға жіберу туралы жарты жыл бұрын айтқан.

Дональд Трамп Никки Хейлидің БҰҰ-дағы қызметіне алғыс білдіріп, оны президент әкімшілігіне қайта оралады деген үмітін жеткізді. АҚШ президенті сонымен қатар жаңа елшінің есімін алдағы апталарда жариялайтынын хабарлады.

Трамп Хейлиді БҰҰ-дағы елші қызметіне 2016 жылы қарашада ұсынған. 46 жастағы Никки Хейли - Үндістаннан келген мигрант отбасынан шыққан. Республикашыл партиядағы дауыс беруде Оңтүстік Каролина штатының губернаторы болып тұрған Хейли Трамптың мигранттарға қатысты айтқан сөзін сынаған еді. Ол алғашқы дауыс беруде Трамптың қарсыластарын қолдағанымен, кейін Трампқа дауыс беретінін жария еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG