"ҚазТрансГаз" компаниясы Қытайдың PetroChina International Company Limited компаниясымен Қытайға жылына 10 миллиард текше метр газ экспорттау туралы келісім жасасқанын хабарлады.
Компания ақпаратына қарағанда, Пекинде қол қойылған келісім бойынша 2019 жылдан бастап Қытайға жылына 10 миллиард текше метр газ жеткізіледі. Былтыр Қытайға 5 миллиард текше метр газ экспорттау туралы келісім толық орындалған.
"ҚазТрансГаз" директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың айтуынша, Қытайға экспортталатын газ көлемін ұлғайту үшін Қазақстандағы газ тасымалдау жүйесі жаңаланған. Алдын ала есеп бойынша, Қытайға экспортталатын газ көлемін 10 миллиард текше метрге жеткізуден жылына 2 миллиард доллардан астам таза пайда түседі.
ПІКІРЛЕР