Accessibility links

Хромтау кенішінде жараланған жұмысшыны Ақтөбеге жеткізді


Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысында Дөң кен байыту комбинаты шаxтасындағы жарылыс кезінде ауыр жараланған жұмысшы бүгін Ақтөбеге жеткізілді. Шаxтадағы жарылыс 12 қазан күні болып, одан 1976 жылы туған жұмысшы үйінді астында қалып қойған. Жұмысшы үш тәулік бойы Хромтау аудандық ауруxанасының жансақтау бөлімінде болған. Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Серік Қапанов жұмысшының Ақтөбеге 16 қазан күні жеткізілгенін айтты.

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы шаxтадағы жарылыстан соң Дөң кен байыту комбинатын арнайы комиссия тексеріп жатқанын хабарлады.

Жедел жәрдем ауруxанасының дәрігерлері жұмысшының жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG