Канада марихуананы заңдастырған екінші елге айналды
17 қазаннан бастап Канадада марихуана өндірісі, оны тұтыну мен бөлшек саудада сату заңды деп танылды. Осылайша Канада марихуананы заңдастырған Уругвайдан кейінгі екінші ел атанды. Канадалықтар енді өзімен бірге 30 граммға дейін марихуана алып жүре алады және төрт түпке дейін марихуана өсіруіне болады. Сәрсенбі күні елде марихуана сататын 100 сауда-саттық орны пайда болады деп жоспарланып отыр. Марихуананы заңдастыру елдің премьер-министрі Джастин Трюдоның сайлауалды ұрандарының бірі болған.
ПІКІРЛЕР