Accessibility links

Путин: АҚШ зымыран келісімінен шықса, Еуропаға қауіп төнеді


Ресей президенті Владимир Путин Италия премьер-министрі Джузеппе Контемен кездесіп тұр. Мәскеу, 24 қазан 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Италия премьер-министрі Джузеппе Контемен кездесіп тұр. Мәскеу, 24 қазан 2018 жыл.

АҚШ Еуропаға орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар жеткізсе Ресей де осындай жауап қайтаруға мәжбүр болады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Италия премьер-министрі Джузеппе Контемен келіссөзден кейін өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Путин Еуропа елдері қауіп-қатерде қалуы мүмкін екенін айтты.

Ресей президенті Мәскеу Вашингтонның орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығуына "жедел әрі тиісті түрде" жауап беруге дайын екенін хабарлады. Путиннің сөзінше, АҚШ Конгрессі бюджетке зымыран жасау бойынша ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарға кететін шығынды енгізіп үлгерген.

Бұдан өзге, Ресей басшысы АҚШ-тың Мәскеудің келісім шарттарын орындамағанына дәлел көрсетпегенін айтты. Путиннің сөзінше, Румынияға зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастырып, зымыран туралы келісімді өзі бұзып отыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою туралы келісімнен шығатынын мәлімдеген. Вашингтон Мәскеу НАТО елдеріне соққы бере алатын орта қашықтықта ұшатын "Новатор 9М729" зымыранын жасап, келісімді бұзды деп айыптайды. Кремль жаңа келісім туралы келіссөз бастамастан бұрынғы келісімнен шығудың "өте қауіпті" екенін мәлімдейді.

АҚШ пен СССР арасында орта және қысқа қашықтыққа ұшатын ядролық зымырандарды жою туралы 1987 жылы жасалған келісім АҚШ пен Ресейге радиусы 300-ден 3400 миль қашықтыққа дейін жерден ұшатын баллистикалық және қанатты зымырандарды шығаруға, сынақтан өткізуге және сақтауға тыйым салады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG