Accessibility links

Германия стратегиялық мұнай қорын пайдаланады


Германиядағы фермалардың бірі. Көрнекі сурет
Германиядағы фермалардың бірі. Көрнекі сурет

Ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық Германия билігін стратегиялық мұнай қорын пайдалануға мәжбүрлетіп отыр.

“Германия үкіметі бірқатар федералдық жерлерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін стратегиялық мұнай қорын пайдалану туралы шешім қабылдады. Жаз құрғақ болғандықтан Германиядағы негізгі өзен – Рейн суы қатты төмендеп кетті, соған байланысты осындай қадам жасап отырмыз” делінген Deutsche Welle жариялаған үкімет хабарламасында

40 жыл ішінде Германия үш рет стратегиялық мұнай қорын пайдаланған.

Елдің стратегиялық мұнай қорында шамамен 24 миллион тонна шикі мұнай және мұнай өнімдері бар. Германияның экономика министрлігі мұның тек алдын-алу шарасы ғана екенін, дағдарыс мәселесі жоқ екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG