Accessibility links

Кәсіподақ лидері болған Харьковаға қатысты тағы бір іс қозғалды


Лариса Харькова (сол жақта) сот ғимаратының алдында тұр. Шымкент, 29 қазан 2018 жыл
Лариса Харькова (сол жақта) сот ғимаратының алдында тұр. Шымкент, 29 қазан 2018 жыл

Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты билік шешімімен жабылған Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харькованың үстінен түскен азаматтық арызды қарап жатыр. Шағымды қаладағы жедел жәрдем станциясы кәсіподақ комитетінің жетекшісі Сәуле Әбдібаева түсірген. Ол "конфедерацияға өткізген 2,5 миллион теңгені" Харьковадан өндіріп алмақ.

Сот отырысына Лариса Харькова мен оны қолдап келген оннан аса белсенді қатысты. Бірақ арызданушы Сәуле Әбдібаева сотқа келмеді. Іске судья Мая Шертаева төрағалық етіп жатыр.

Лариса Халькованың пікірінше, бұл - саяси тапсырыспен қаралып жатқан заңсыз іс.

- Қазақстан заңы бойынша Сәуле Әбдібаева конфедерацияға өткізген жарнасын менен талап етуге құқығы жоқ. Оның үстіне мен қазір төраға емеспін, жеке тұлғамын. Ол соттың бұрынғы шешімін негізге алып, сот мені кінәлі деп тапқан соң конфедерацияға өткізген 2,5 миллион теңгені қайтарып берсін деп талап қойған. Кәсіподақтар туралы заң бойынша жарнаны тек жаңадан сайланған төраға ғана талап ете алады, - дейді ол.

Шымкенттің Еңбекші аудандық соты былтыр 25 шілдеде билік шешімімен жабылған Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі Лариса Харькованы "бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін алаяқтықпен әрі аса ірі көлемде жымқырған" деп айыптап, бас бостандығын төрт жылға шектеу және мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарған.

Қазақстанда сотталған бұрынғы кәсіподақ басшылары Лариса Харькова, Нұрбек Кұшақбаев және Әмин Елеусіновке халықаралық Артур Свенссон атындағы сыйлық берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG