Accessibility links

Ирландия паспортын алғысы келетін британдықтар саны ұлғайды


Еуропа Одағының туын ұстап алған ер адам Дублин көшелерінің бірінде кетіп барады. Ирландия, 4 желтоқсан 2017 жыл.
Еуропа Одағының туын ұстап алған ер адам Дублин көшелерінің бірінде кетіп барады. Ирландия, 4 желтоқсан 2017 жыл.

Ұлыбритания Еуропа Одағы (ЕО) құрамынан шығуды қолдап дауыс бергеннен кейін Ирландия паспортын алғысы келетін британдықтар саны екі есеге көбейді. Бұл туралы BBC ресми дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Ирландия азаматтығын алуға ата-анасы немесе ата-әжесі Ирландияда туғандар өтініш бере алады.

Ресми мәлімет бойынша, 2015 жылы 46 мың британдық Ирландия азаматтығын алуға өтініш берген. 2017 жылы бұл сан 81 мыңға жеткен. 2018 жылдың алғашқы бес айында 45 мың британдық Ирландия паспортын алуға өтініш білдірген.

Еуропа Одағына мүше Ирландияның азаматтары Лондонның Брюссельмен Brexit шарттары жөніндегі келіссөзінің нәтижесі қандай болғанына қарамастан одақ елдерімен визасыз қарым-қатынас жасай береді.

2016 жылы жазда британдықтар Еуропа Одағынан шығуды қолдап дауыс берген. Лондон мен Брюссель арасында Brexit жөніндегі келіссөз биыл 19 маусымда басталған және ол 2018 жылдың соңына дейін жалғасады.

Еуропа Одағына 1973 жылы қосылған Ұлыбритания одақтан шығатын алғашқы ел болайын деп тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG