Accessibility links

Doing Business рейтингісінде Қазақстанның көрсеткіші жақсарды


Белградта Дүниежүзілік банктің Doing Business есебін таныстыру шарасы. 31 қазан 2018 жыл.
Белградта Дүниежүзілік банктің Doing Business есебін таныстыру шарасы. 31 қазан 2018 жыл.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің әлем елдеріндегі бизнеске қолайлы жағдай жасау көрсеткіштерін бағалайтын Doing Business рейтингінде бірінші рет алдыңғы отыз елдің қатарына енді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша түзілген Doing Business рейтингінде Қазақстан 28-орынға шықты. Былтыр Қазақстан рейтингте 35-орында болған.

Баяндама авторлары Қазақстан үш бағыт - кәсіпорынды тіркеу, халықаралық сауда жүргізу және келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуде реформалар жасағанын айтады.

"Қазақстанда былтыр кәсіпорындар қызметін реттеу жағдайы айтарлықтай жақсарды" дейді баяндама авторлары.

Дүниежүзілік банк жыл сайынғы рейтингін бизнес ашу, құрылыс бастауға рұқсат алу, несиеге қолжетімділік, инвесторлар құқығын қорғау, салық төлеу, келісімдердің орындалуын қадағалау және банкроттықты реттеу шарттарына қарап түзеді.

2018 жылғы рейтингте Қазақстан Ресей (31-орын) мен постсоветтік өзге республикалардан, Еуропаның бірнеше елі, оның ішінде Испания (30) және Польшадан (33) озған. Рейтингке сонымен қатар Қырғызстан (70), Өзбекстан (76) және Тәжікстан (126) енген.

Рейтингтегі алғашқы үш орында Жаңа Зеландия, Сингапур мен Дания тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG