АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекеттік департамент өкілі Хизер Нойертке АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болуды ұсынды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп бұл жайында 1 қараша күні Ақ үйде сөйлеген кезінде айтты.
Fox News телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасап, Трамптың 29 қазан күні Ақ үйде Нойертпен кездескенін хабарлады. Алайда, Нойерттің президент ұсынысын қабыл алғаны, я бас тартқаны белгісіз.
Хизер Нойерт 2017 жылы көктемде Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі болған. Мұның алдында ол Fox News телеарнасында жұмыс істеген.
Қазан айында АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли осы жылдың соңына дейін қызметінен кететінін жариялаған. Ол Ақ үй әкімшілігінен өзге жұмысында президентті қолдай беретінін мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР