Қазақстанда "Til - Qazyna" ("Тіл - қазына") деп аталатын жаңа республикалық газеті шыға бастады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, "Til - Qazyna" - республикада қазақ тілінің латын графикасында шығатын алғашқы газет.
"Til - Qazyna" газетінде қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты ақпараттар, танымдық материалдар басылады. Газет айына екі рет шығады. Газетті Мәдениет және спорт министрлігі мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Til-Qazyna" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірге шығарады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр жыл басында жасаған мәлімдемесінде үкіметке 2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді және қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырған. Бұдан соң латын графикасындағы әліпбидің екі нұсқасы таныстырылып, екеуі де сынға ұшыраған еді.
Нұрсұлтан Назарбаев биыл 19 ақпанда қаулы қабылдап, латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпби нұсқасын бекіткен. Жаңа нұсқада қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар әріп үстіне қысқа таяқша қою (ғылыми тілде акут деп аталады - ред.) арқылы берілген.
Қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиге көшіне байланысты Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы заңға өзгерістер енгізіліп, қарашаның 1-інен бастап Қазақстан елтаңбасындағы "Қазақстан" жазуы "Qazaqstan" деп жазылатын болды.
Көре отырыңыз: Елтаңбадағы "Қазақстан" сөзі латын әріптерімен жазылады
ПІКІРЛЕР