Accessibility links

AIBA президенті сайланды


Гафур Рахимов AIBA конгресінде. 2 қараша 2018 жыл. (Сурет Ресей бокс федерациясының баспасөз қызметінен алынды).
Гафур Рахимов AIBA конгресінде. 2 қараша 2018 жыл. (Сурет Ресей бокс федерациясының баспасөз қызметінен алынды).

3 қарашада Мәскеуде өткен AIBA (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды. 134 ел дауыс берген сайлауда өзбекстандық Гафур Рахимов жеңіске жетті. Оның кандидатурасын 86 елден қолдаған. Ал Қазақстан өкілі Серік Қонақбаевқа 48 ел дауыс берген.

Нәтиже жарияланған соң Қонақбаев "боксты сақтау" кампаниясын жалғастыра беретінін мәлімдеді. Ол "нәтижеге көңілі толмайтынын" айтты.

Рахимов басында AIBA президенттікке жалғыз кандидат ретінде тіркелген. АIBA Қонақбаев белгіленген уақытқа дейін құжаттарын тапсырып үлгермегені үшін оның кандидатурасын тіркемеген еді.

Кейін қазақстандық “құжат тапсыратын уақыттың аяқталар күні жексенбіге түскенін, бұл жағдайда AIBA құжатты жұмыс күні – дүйсенбі қабылдауы керек” деп, Cпорттық арбитраж сотына (CAS) шағымданған.

CAS қазанның 30-ы күні Азия бокс қауымдастығының президенті Серік Қонақбаевтың шағымын қанағаттандырып, оны ресми түрде AIBA президенттігіне кандидат ретінде тіркеген. AIBA Cпорттық арбитраж сотының шешімін қолдаған.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) қыркүйекте "егер Рахимов президент болып сайланса, боксты олимпиада бағдарламасынан алып тастайтынын" мәлімдеген. АҚШ қаржы министрлігі Рахимовты қылмыстық топқа қатысы бар деп айыптайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG