Accessibility links

Ауыр атлет Лихачева әлем чемпионатында қола алды


Қазақстан құрамасына Ресейден келген Надежда Лихачева жаттығу жасап жүрген сәт. Ашғабат, 29 қазан 2018 жыл.
Қазақстан құрамасына Ресейден келген Надежда Лихачева жаттығу жасап жүрген сәт. Ашғабат, 29 қазан 2018 жыл.

Ауыр атлетикадан Ашғабатта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Надежда Лихачева әйелдер арасында 75 келіде қола жүлде иеленді - 242 келі (112+130). Алтынды әлем рекордын орнатқан Қытай спортшысы Ван Ли Чжан (267), күмісті египеттік Сара Ахмед (252) алды.

Лихачева Ресейдетуған. Бірнеше жыл бұрын "Ресей құрамасынан шығып қалған соң" Қазақстан азаматтығын алған. Ресей құрамасы сапында Еуропа чемпионатына қатысқан.

Допинг дауынан кейін бір жыл барлық жарыстан шеттетілген Қазақстан, Қытай, Солтүстік Корея, Ресей құрамасының жазасы аяқталып, жарысқа оралды. Әлем біріншілігіне Қазақстаннан барлығы 20 атлет қатысып жатыр. 2 қарашада Арли Чонтей ерлер арасында 55 келіде күміс алған.

Ашғабаттағы әлем чемпионаты 10 қарашада аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG