Біріккен ұлттар ұйымы Ирактың солтүстігі мен батысында «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы адамдарды топтап көмген екі жүзден аса орын тапқан. Ұйым бұл туралы 6 қарашада мәлімдеді.
Көмілген денелер бұрын экстремистер бақылауында болған аудандардан табылған. БҰҰ-ның Ирак бойынша арнайы баяндамашысы Ян Кубиштің сөзінше, көмілгендердің нақты санын айту қиын, дегенмен онда "мындаған адамның сүйегі бар".
Мамандар сүйектерді зерттеуге кіріскен, кейін олар туыстарына тапсырылады.
2014-217 жылдары Ирактың басым бөлігі «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының бақылауында болды. 2017 жылдың желтоқсанында Ирак билігі "жиһадшыларды" жеңгенін мәлімдеді.
ПІКІРЛЕР