Accessibility links

Тәжікстанда түрмедегі бүліктен ондаған адам қаза тапқаны хабарланды


Тәжікстанның Худжанд қаласындағы түрме (Көрнекі сурет).
Тәжікстанның Худжанд қаласындағы түрме (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы №3/3 түрмесінде болған бүлік кезінде шамамен 50 адам қаза тапқан. Алты түрме күзетшісі ауруханада жатыр.

Азаттықтың Тәжік қызметінің тілшісі мемлекеттік мекемелердің бірінен түрмеде қаза болғандардың тізімін байқап қалған. Онда кемінде 50 адамның аты-жөні жазылған. Әзірге ресми түрде колония қызметкерлері - майор Мирсаид Кадыров пен Эхсон Ёкубовтың қаза тапқаны анық.

Ресми билік БАҚ-тағы түрмедегі бүлік жайында жазылған хабарларға түсініктеме бермей отыр. Ал бүлікте қаза тапқан сотталушыларды құпия түрде жерлеп жатыр.

Абақтыда қаза тапқандардың бірі, 12 жылға сотталған 23 жастағы Бахром Исмоиловтың анасы Рукия Исмаилова ұлының мәйітін көруге рұқсат бермегенін айтады.

​"Мені ұлыңыз ауырып қалды деп түрмеге шақырып алды. Түрмеге барғанда ұлымның қаза тапқанын білдім. Ондағы қызметкерлер "сотталушылар күзетшілерді ұрып-соқты, біз қол қусырып қарап отырмадық" деді. Бахромның денесін зиратқа оралған күйде әкелді. Маған ұлыммен қоштасуға рұқсат бермеді" дейді Рукия Исмаилова.

Худжандтағы қатаң тәртіптегі түрмеде 8 қарашаға қараған түні бүлік болған. Содырлардың Amaq ақпараттық сайты бүлікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының жазасын өтеп жатқан тұтқындары ұйымдастырғанын хабарлады. Бұл ақпаратты Азаттықтың Тәжік қызметіне Тәжікстан құқық қорғау органдарындағы дереккөз де растады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG