Accessibility links

Қырғызстанда судьяларды мүлкін жасырғаны үшін жазалайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан Бас прокуратурасы бірыңғай салық декларациясында мүлкін толық көрсетпеген бірқатар судьяны жауапқа тартуды ойластырып жатыр.

Бас прокуратура таратқан ақпаратқа қарағанда, салық қызметіндегі материалдарды қарау кезінде судьялардың мүліктерін жасырғаны анықталған.

Бас прокуратура бұл мәліметтерді Судьялар кеңесіндегі тәртіптік комиссияға берген. Комиссия судьяларды жауапқа тарту мәселесін шешеді. Бұған қоса комиссия қызметін аяқтаған судьяларды әкімшілік жауапқа тарту мәселесін де қарастырады.

Бұған дейін Қырғызстан билігі сыбайлас жемқорлықпен күресте шенеуніктер тапсыратын табыс декларациясы мұқият тексерілуі керек деп, оған азаматтық секторды көмектесуге шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG