Алматыда Сейфуллин даңғылының бойында орналасқан ЛА-155/1 тергеу абақтысы жабылды. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, бұл абақтыдағы тұтқындар ЛА-155/18 мекемесіне ауыстырылды. Прокуратура 1930 жылдары салынған абақты қазіргі талаптарға сай келмейтінін және қала орталығындағы тұрғындарға қолайсыздық тудырғанын айтады.
ЛА-155/18 мекемесінде тұтқындарды тергеу амалдарына апару жайы ретке келтірілген.
Алматыда ЛА-155/1 абақтысының бұзылып, тұтқындары басқа жаққа көшірілетіні туралы 2016 жылы айтыла бастаған. Қаланың бас жоспары бойынша, ескі тергеу абақтысы орнына тұрғын үйлер салу көзделген.
Оқи отырыңыз: Тұтқындарды Алматы орталығынан қала шетіне көшірмек
Бұл абақтыда отырып шыққан құқық қорғаушылар "ескі тергеу абақтысының адамға лық толы камераларына қамаудың өзі тұтқындардың құқығын бұзу" деп санайды.
ПІКІРЛЕР