Қазақстан парламентінің мәжілісі қарашаның 28-і күні 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады.
Үш жылдық бюджетте доллардың теңгеге шаққандағы құны 370 теңге деп белгіленіп, мұнай баррелінің бағасы 60 доллардан 55 долларға түсірілген.
Бұған дейін сенат депутаттары Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бюджетін нақтылауға байланысты республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне 89 өзгеріс енгізген.
2019 жылы республикалық бюджеттің шығын 10,7 триллион, 2020 жылы 11 триллион, 2021 жылы 11,4 триллион теңге болады деп болжанып отыр.
ПІКІРЛЕР