Accessibility links

АҚШ: Алепподағы шабуылға сириялық оппозицияның қатысы жоқ


Сирия ауруханасында ықтимал газ шабуылынан зардап шеккен адамға көмек көрсетіп жатыр. Алеппо, 24 қараша 2018 жыл.
Сирия ауруханасында ықтимал газ шабуылынан зардап шеккен адамға көмек көрсетіп жатыр. Алеппо, 24 қараша 2018 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Алеппода қарашаның 24-і күні жасалған ықтимал химиялық шабуылға сириялық қарулы оппозициялық топтардың қатысы жоқ мәлімдеді. Мемлекеттік департамент щабуылға Сирия президенті Башар Асадтың армиясы мен ресейлік әскерилерді айыптаған.

Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысының орынбасары Роберт Палладиноның мәлімдемесінде Ресей мен Асад режимі Идлибтегі бітімге деген сенімді жою мақсатында газ шабуылын пайдаланды делінген.


Қарашаның 24-і күні Сирия билігі көтерілісшілерді бейбіт тұрғындарды нысанаға алып химиялық шабуыл жасады деп айыптаған. Сирияның мемлекеттік SANA ақпарат агенттігі шабуылдан 104 адам зардап шекті деп хабарлаған. Ресей қорғаныс министрлігі шабуыл қарулы оппозиция бақылауындағы ауданнан жасалды деп мәлімдеген.

Сириялық көтерілісшілердің өкілдері бұл айыптауларды жоққа шығарған. Оппозиция жақтастары Сирия билігі химиялық шабуылды Идлиб провинциясында әскери операция бастауға сылтау ретінде пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым ықтимал химиялық шабуылды тексеріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG