Accessibility links

Страсбургтегі атыс болып үш адам өлген


Атыстан кейін полиция көшедегі қауіпсіздікті бақылап тұр. Страсбург, 11 желтоқсан 2018 жыл
Атыстан кейін полиция көшедегі қауіпсіздікті бақылап тұр. Страсбург, 11 желтоқсан 2018 жыл

Францияның шығысындағы Страсбург қаласында сейсенбі кешке қарулы адам тұрғындарға оқ атып, үш адам өлген. 12 адам жараланған. Бұл жайлы Францияның ішкі істер министрі хабарлады. Оқиға қала орталығындағы Рождество мерекесіне арналған сауда орнында болған.

Полиция күдіктіні іздеп жатыр. Құқық қорғау органдарының айтуынша, ол адам полицейлерге таныс. Бұрындары қылмыс жасаған. Жергілікті қауіпсіздік агенттіктері оның күдікті экстремистер тізімінде болғанын айтады.

“Страсбургте қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қатысты шаралар жүріп жатыр. Полиция тұрғындардан үйден шықпауын сұрады” деп жазды Twitter-де Францияның ішкі істер министрлігі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG