Өзбекстан Ақтау (Қазақстан), Ош (Қырғызстан), Гуанчжоу (Қытай), Ростов-на-Дону (Ресей) қалаларынан бас консулдық ашуды жоспарлап отыр деп хабарлайды Өзбекстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметі.
Министрліктің айтуынша, Өзбекстан шетелдегі өзбек азаматтарына (оның арасында еңбек мигранттары да бар) құқықтық көмек беру бойынша консулдық бөлімшелерінің жұмысын жандандырған. Бұған дейін Өзбекстан Санкт-Петербург, Алматы, Екатеринбург, Қазан және Владивосток қалаларынан бас консулдық ашқан.
Бұған дейін Алматыдағы Өзбекстан елшілігінің Астанаға ауысатыны, Алматыдағы елшілік ғимаратының бас консулдыққа айналатыны хабарланған.
ПІКІРЛЕР