Accessibility links

"Айка" фильмі "Оскардың" шорт-листіне енді


Актриса Самал Еслямова және режиссер Сергей Дворцевой
Актриса Самал Еслямова және режиссер Сергей Дворцевой

Ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильмі “Оскар” сыйлығынан үміткер тоғыз фильмнің қатарына енді. Фильм “шет тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша байқауға қатысады.

"Айкамен" бірге байқауға ұсынылған фильмдер арасында Альфонс Куаронның “Рим” фильмі, Хирокадзу Корээданың “Дүкен ұрылары” фильмі, Павел Павликовскийдің “Қырғи-қабақ соғыс” атты фильмдері бар. Ал номинант бес фильм 22 қаңтарда белгілі болады. "Оскар" сыйлығы 24 ақпанда табысталады.

"Айка" фильмі Қырғызстаннан келген жас мигрант қыздың тағдыры туралы. Ол Мәскеуде заңсыз тұрып, жұмыс істейді. Аяғы ауыр Айка босанған соң нәрестесін перзентханада қалдырып кетеді. Бірақ уақыт өте келе ісіне өкініп, тастанды баласын іздей бастайды.

Бұл фильмде бас кейіпкерді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова биыл мамырда Канн кинофестивалінде "Үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы атанған.

Қарай отырыңыз: "Үздік әйел рөлі" номинациясын жеңген Самал Еслямова (мамыр айы, 2018 )

Бес номинация бойынша 'Оскар" жеңімпаздары 22 қаңтарда анықталады. Ал сыйлықпен марапаттау рәсімі 24 ақпанда болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG