Accessibility links

Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен орташа жалақы өседі. Бұл туралы премьер-министрдің сайты хабарлады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жолдауында үкіметке зейнетақы мен айлық өсіру туралы тапсырма берген. Енді елдегі ең төменгі жалақы 42500 теңге (бұрын - 28 мың теңге) болады. Мемлекеттік мекемелер мен бюджет қызметкерлерінің айлығы 35 пайызға көбейеді.

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың жыл ішіндегі екінші жолдауы

1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істеу қабілетінен және асыраушысынан айырылған азаматтарға берілетін жәрдемақы 5 пайызға артады.

Үкіметтің хабарлауынша, елде ынтымақты зейнетақы 7 пайызға, базалық зейнетақы 5 пайызға өседі. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі ынтымақты зейнетақы - 36 108 теңге, ең төменгі базалық зейнетақы - 16 037 теңге болады. Ал міндетті зейнетақы аударымдарын енгізгенге дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтар үшін ең төменгі зейнетақы 52 145 теңгеге жетеді.

Қазақстанда жалақы көбейгенде әдетте халық көп тұтынатын тауар мен азық-түлік бағалары қымбаттап кетеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG