Accessibility links

Полиция: Арнайы операция кезінде 28 адам ұсталды


Шымкенттегі базарлардың бірі
Шымкенттегі базарлардың бірі

Шымкент қалалық полиция департаменті ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесе өткізген арнайы операция барысында "деструктивтік бағыттағы діни әдебиеттер мен электронды ақпарат тасығышы бар 28 адамның ұсталғанын" хабарлады.

- Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Діни әдебиеттердің тыйым салынған-салынбағаны, оны тарату кезінде ұсталғандардың кім екені, қайда жұмыс істейтіні анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды, - деді Әсел Сәденова.

Баспасөз хатшысы тергеу амалдарына байланысты ұсталғандардың қазір қайда екенін айта алмайтынын жеткізді.

Қаңтардың 24-і күні Шымкенттегі Shymkent Tulpar және "Нипа" базарында тінту болған. Полицияның хабарлауынша, "тінту барысында көптеген діни әдебиет, оның ішінде салафилік мазмұндағы материалдар, сонымен қатар электронды ақпарат тасығыштар тәркіленген".

"Тергеу болжамы бойынша, салафилік ағымын жақтаушылар аталған екі базар сатушылары мен оларға келушілер арасында деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан" делінген полиция хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Студенттер сақал, хиджаб, шолақ шалбар жайлы сұрады

Қазақстан билігі елде "деструктивті ағым мүшелерінің" көбейгенін бірнеше рет хабарлаған. Бұған дейін 2016 жылдың жазында Ақтөбе мен Алматыда шабуылдарды "радикал, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанатындар" ұйымдастырды деп те мәлімдеген. Бұл оқиғалардан кейін елде тексеру күшейген.

Соңғы бірнеше жылда "салафизмнің радикалды бағытын ұстанды", "экстремизм мен терроризмді насихаттады" деген айыппен елде ондаған адам сотталған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG