Accessibility links

Прокуратура: Заңсыз аңшылықпен күрестен тиісті нәтиже шықпай отыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан бас прокуратурасы 30 қаңтарда елде құқық қорғау органдары мен табиғатты қорғау органдарының браконьерлікке қарсы жұмысынан тиісті нәтиже шықпай отырғанын мәлімдеді. Бас прокуратураның хабарлауынша, прокуратурада ауылшаруашылығы, ішкі істер, қаржы министрліктері мен шекара қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері браконьерлікке қарсы іс-қимылдардың тиімді шараларын дайындау мәселесін талқылады.

Жиында соңғы жылдары Қазақстанда сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарларды ұйымдасқан түрде заңсыз аулау оқиғалары көбейгені айтылған.

"Жануарларды қорғайды деген тиісті уәкілетті және құқық қорғау органдарын қызметкерлерінің де қылмыс жасаған кезі болды. Биыл Атырау және Маңғыстау облыстарында қылмыстық топтардың жолы кесілді. Ол топтарға балық инспекциясының қызметкерлері және полицейлер қамқорлық танытқан" делінген прокуратура ақпаратында.

Мемлекеттік органдар өкілдері жиында қорықшылардың құқықтық мәртебесін бекітіп, оларды қорғау жайын да талқылап, браконьерлікпен күресте кешенді шаралар дайындау қажетін айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, 2016-2018 жылдар аралығында браконьерліктен табиғатқа 3,6 миллиард теңге зардап келген, үш мыңға жуық киік заңсыз атылған.

Браконьерлікпен күрес мәселесі Қарағанды облысында заңсыз киік аулады деген күдіктілер "Охотзоопром" республикалық мекемесінің қорықшыларына шабуылдап, бір қорықшысы қаза тапқан оқиғадан соң талқыланып отыр.

"Жазасыз кеткен браконьерлер істерін жалғастыра береді"

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG