Accessibility links

Назарбаев "президент өкілеті туралы заң тармағын" түсіндіруді сұрады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Көрнекі сурет
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Көрнекі сурет

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестен Конституциядағы "президент өкілетінің тоқтауы туралы 42-бабы 3-тармағын түсіндіруді" сұрады. Бұл туралы ақпарат Конституциялық кеңес сайтында жарияланды. Кеңес президент өтінішін "қабылдаған".

Конституцияның 42-бабы 3-тармағында "президент өкілеттігі жаңадан сайланған ел президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы президенттерінің бәрі, қызметінен кетірілгендерден басқасы, Қазақстанның экс-президенті деген атағы болады" деп жазылған.

Конституциялық кеңес заң бойынша өтінішті түскен күннен бастап үш ай ішінде қарайды. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын, шұғыл қаралуы керек болса кеңес президенттің талап етуі бойынша өтінішке он күнде жауап қайтарады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жылға жуық басқарып келеді. Ол ресми мәлімет бойынша 2015 жылғы президент сайлауында 97 пайыз дауыс алып, бесінші рет сайланған.

2018 жылы ол қазақстандық журналистерге берген сұхбатында "Қазақстанда кезектен тыс сайлау жоспарланбағанын" айтқан. Ал былтыр Финляндияға барған сапарында "алдағы президент сайлауына қатысу-қатыспайтыны туралы кейін жариялайтынын, 2020 жылға дейін әлі уақыт барын" айтқан.

Конституция бойынша, кезекті президент сайлауы 2020 жылы желтоқсан айының алғашқы жексенбісінде өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG