Accessibility links

Астанада бір отбасының төрт баласы иіс тиіп, ауруханаға түскен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

9 ақпанда кешкі сағат тоғыздан кете Астанадағы жатақханада өрт шыққан. Бір бөлмедегі жиһаздар мен заттар өртенген. Өрт сөндіру кезінде он адам қауіпсіз жерге көшіріліп, бір бала құтқарылған.

Бір отбасының иіс тиіп уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылғы төрт баласы ауруханаға түскен. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін. Өртті сөндіруге Астана төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 15 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG