Қазақстан президентінің жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ресми ақпарат бүгін Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
57 жастағы Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ішкі істер министрінің орынбасары болып істеген. Ол әр жылдары тергеуші, тергеу бөлімінің басшысы, Алматы тергеу басқармасының жетекшісі қызметін атқарған. 2006-2012 жылдар аралығында Алматы қалалық ішкі істер департаментін басқарған.
2011 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Қазақстан ішкі істер министрі болып істеген Қалмұханбет Қасымовты президент өзіне көмекші – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.
Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Ғабит Байжанов президент жарлығымен Қазақстан сыртқы барлау қызметінің ("Сырбар") директоры болып тағайындалды.
ПІКІРЛЕР