Accessibility links

Солтүстік Македония атауы ресми түрде қолданысқа енді


Үкімет үйі алдында НАТО туын тігіп жатқан сарбаздар. Скопье, Македония, 12 ақпан 2019 жыл.
Үкімет үйі алдында НАТО туын тігіп жатқан сарбаздар. Скопье, Македония, 12 ақпан 2019 жыл.

Македония мемлекеті атауын Солтүстік Македония деп өзгерту туралы бұған дейін қабылданған шешім 12 ақпанда ресми түрде күшіне енді. Осының қарсаңында мемлекеттік құрылымдар логотиптерін жаңартуға кіріскен еді.

Бұрынғы Югославия құрамында болған Македония республикасының парламенті биыл қаңтарда конституцияға ел атауын Солтүстік Македония республикасы деп өзгерту туралы өзгеріс енгізуді мақұлдаған. Қаңтардың соңында Грекия парламенті бұл туралы екі ел арасында қол қойылған хаттаманы бекіткен.

1991 жылы Югославия тарағаннан кейін тәуелсіздік алған Македония атауына байланысты Грекиямен арада дау шыққан. Македония – Грекияның солтүстігіндегі өлкенің бағзы заманнан бергі тарихи атауы деген уәжді алға тартқан Грекия НАТО мен Еуропа Одағына мүше болғысы келетін Македониямен ол жөнінде келіссөздер өткізуге тосқауыл қойып келген.

6 ақпанда Брюссельде Солтүстік Македонияны НАТО-ға қабылдау туралы хаттамаға қол қойылды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG