Accessibility links

Лукашенко: Беларусь Еуропа одағының серіктесі болып қала береді


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

18 ақпанда Еуропа одағының бюджет және кадр комиссары Гюнтер Оттингермен кездесуінде Беларусь президенті Александр Лукашенко "Еуропа одағы мен Беларусь арасында әрқашан мәселелер болған және бола да береді, бірақ ол шешілмейтіндей дендеп кеткен жоқ" деп мәлімдеді.

"Бізге көршіні құдай берген, оларды таңдай алмаймыз. Сондықтан олармен қарым-қатынасымызды дамытуымыз керек. Сондықтан да Еуропа одағының сенімді серіктесі бола береміз" деді Лукашенко.

13-15 ақпан күндері Лукашенко мен Путин Сочиде үш күндік кездесу өткізіп, одақтас елдер келісімін талқылаған. "Егер екі елдің азаматтары қаласа ғана Ресеймен бірге бір жолды таңдауға болады" деген Лукашенко. Ал Путин "қазір әлемде толық тәуелсіз ел жоқ" деп айтқан.

Батыстың кейбір елдері "саяси тұтқын деп таныған" бірнеше адамды Минск бостандыққа шығарған соң Еуропа одағы Беларуське салған санкцияларын 2016 жылдан бастап жеңілдеткен. Бірақ 2017 жылы наурыз айында салықтың өсуі мен жұмыссыздыққа қарсы шыққан демонстранттарды күштеп таратқан Александр Лукашенко билігін айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG