Accessibility links

Әбілқасымова: Көп балалылар мәселесі оң шешіледі


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Қазақстан еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова билік "көп балалы отбасылардың неге мұқтаж екенін әлі анықтап жатыр" деп хабарлады. Министрдің сөзінше, қазір әрбір елдімекенде қанша көп балалы отбасы бар екені анықталған.

- Әрбір отбасының неге мұқтаж екенін біліп барып көмектесу керек – бірінде денсаулық мәселесі, бірі баспанаға зәру, білім беру мен қаржылық қиындықтары бар отбасылар бар, - деді Әбілқасымова.

Министр "көтерілген мәселенің көбі оң шешім табады" дегенімен, үкімет көп балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмекке қарастырылған қаржының қаншаға өсетінін айтқан жоқ. Әбілқасымова "бөлінетін қаражат қаржы министрлігінің есептеуінен соң жарияланады" деді.

- Тұрмысы төмен көп балалы және аз қамтылған отбасылар басты назарда болады. Табыс деңгейі жақсы болуы үшін [көп балалы отбасыларға] әжептеуір қаржылай көмек көрсетіледі деп ойлаймын, - деді министр.

Видео: Билікке наразы көп балалы аналар

Билікке наразы көп балалы аналар
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

Астанада бес бала қаза тапқан өрттен соң басталған көп балалы аналар наразылығынан кейін үкіметте халықтың тұрмысын жақсарту үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Оның құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі де бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG