Accessibility links

Қарағанды облысы әкімі көп балалы отбасыларға уәде берді


Қарағанды облысы әкімінің есеп беру жиынына келген халық. 22 ақпан 2019 жыл.
Қарағанды облысы әкімінің есеп беру жиынына келген халық. 22 ақпан 2019 жыл.

22 ақпанда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жылдық есеп беру жиынын өткізіп, көп балалы отбасыларға көмек көрсететін айтты. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Қошановтың айтуынша, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап, облыста көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Көп балалы отбасыдан шыққан 1-сыныптан 4-сыныпқа дейінгі балаларға тегін тамақ беріледі, балабақшаларда 50 пайыз жеңілдік жасалады. Облыс әкімі көп балалы отбасылардан шыққан балаларға спорт үйірмелеріне тегін қатысатынын, жазғы лагерьлерге тегін жолдама алатынын айтты.

- Сонымен қатар, көп балалы аналарға жеке жұмыстарын дамыту үшін гранттар беріледі. Көп балалы отбасынан шыққан балаларға білім беру гранты көбірек бөлінеді. Көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу үшін көмектесеміз, - деді әкім.

4 ақпанға қараған түні Астананың Көктал-1 шағын ауданында жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыз бала опат болған еді.​ Осы оқиғадан кейін көп балалы аналар наразылығы күшейген.

6 ақпанда Астанада жүздеген ана жиналып, биліктен жәрдемақы мен жөргекпұлды өсіруді, көп балалы отбасылардың балаларына тегін білім беруді, ана мен баланы тегін емдеуді, баспана алуды жеңілдетуді талап еткен. Кейін астаналық аналардың талабын басқа аймақтағы әйелдер де қолдаған. Астана және Алматы қаласы әкімінің есеп беру жиынында да көп балалы аналар әлеуметтік мәселені көтерген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG