Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттің 25 ақпанда шығарған жарлығымен Әлихан Смайлов премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне тағайындалды.
Гүлшара Әбдіхалықова мен Жеңіс Қасымбек премьер-министрдің орынбасарлары болып тағайындалды.
Бейбіт Атамқұлов - сыртқы істер министрі, Нұрлан Ермекбаев - қорғаныс министрі, Ерлан Тұрғымбаев - ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
Бердібек Сапарбаев - еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Руслан Дәленов - ұлттық экономика министрі, Күләш Шәмшидинова - білім және ғылым министрі, Сапархан Омаров - ауыл шаруашылығы министрі, Роман Скляр - индустрия және инфраструктуралық даму министрі, Дәурен Абаев - ақпарат және қоғамдық даму министрі, Марат Бекетаев - әділет министрі, Елжан Біртанов - денсаулық сақтау министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы - мәдениет және спорт министрі, Асқар Жұмағалиев - цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Қанат Бозымбаев - энергетика министрі болып тағайындалды.
Бұған дейін Назарбаев Асқар Маминді елдің премьер-министрі етіп тағайындаған. Өткен аптада Назарбаев "экономиканың сапалы өсіміне қажетті ынталандыру жасамады және халықпен жұмыс істей алмады" деп үкімет жұмысын сынағаннан кейін Бақытжан Сағынтаев басқарған министрлер кабинеті тараған болатын.
ПІКІРЛЕР