26 ақпанда Астанадағы Үкімет үйінде премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен үкіметтің алғашқы отырысы өтті. Үкімет құрамына алғаш кірген министрлер ант берді.
25 ақпанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жаңа құрамын бекіткен. Президент жарлығымен Асқар Мамин елдің премьер-министрі қызметіне тағайындалды.
Гүлшара Әбдіхалықова мен Жеңіс Қасымбек премьер-министрдің орынбасарлары болып тағайындалды.
Бейбіт Атамқұлов - сыртқы істер министрі, Нұрлан Ермекбаев - қорғаныс министрі, Ерлан Тұрғымбаев - ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
Бердібек Сапарбаев - еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, Руслан Дәленов - ұлттық экономика министрі, Күләш Шәмшидинова - білім және ғылым министрі, Сапархан Омаров - ауыл шаруашылығы министрі, Роман Скляр - индустрия және инфраструктуралық даму министрі, Дәурен Абаев - ақпарат және қоғамдық даму министрі, Марат Бекетаев - әділет министрі, Елжан Біртанов - денсаулық сақтау министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы - мәдениет және спорт министрі, Асқар Жұмағалиев - цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Қанат Бозымбаев - энергетика министрі болып тағайындалды.
ПІКІРЛЕР