Accessibility links

Назарбаев: Көп балалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңге төленеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" жиынында сөйлеп отыр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" жиынында сөйлеп отыр.

27 ақпанда Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі өтіп жатыр. Тәуелсіздік сарайындағы партияның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жиынды президент Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Президент республикалық бюджет шығындарының 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатынын, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға қолдауды күшейту туралы айтты. Ол сондай-ақ, көптен бері қоғамда қызу талқыланып жатқан көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы жайлы айтты.

«Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін жеткізуіміз керек. Ал атаулы көмек алып отырған көп балалы отбасылардың әр баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын», - деді президент.

Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан шараға екі мыңға жуық адам қатысты.

Астанадағы съез болып жатқан тұста Қазақстанның бірқатар аймақтарындағы «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне келгендерді полиция ұстап алып кетті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG