Accessibility links

Ресей думасы билікті тілдегенді жазалайтын заң жобасын мақұлдады


Мемлекеттік дума отырысы. (Көрнекі сурет.)
Мемлекеттік дума отырысы. (Көрнекі сурет.)

6 наурызда Ресей мемлекеттік думасы азаматтарды билік органдары, мемлекеттік рәміздер мен қоғамға тіл тигізіп, қорлағандарды жауапқа тартатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бұған қоса, депутаттар жалған ақпарат таратқандарға айыппұл салатын заң жобасын да қабылдады. Құжатты 327 депутат қолдап, 42 депутат қарсы дауыс берген.

Жаңа заңға сай, билік немесе мемлекеттік рәміздерге тіл тигізіп, қорлаған адамға 5 мың рубль (шамамен 76 доллар) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалады. Ал жалған ақпарат таратқан азамат 100 мың рубль (1500 доллар), лауазымды тұлға 200 мың рубль (3 мың доллар), заңды тұлғалар жарты миллион рубль (шамамен 6 мың доллар) айыппұл төлейді.

Екінші оқылымда қабылданған заң жобасына сай, ресми тіркелген ақпарат құралдары жарияланып кеткен жалған ақпаратты тез арада жойса, айыппұл төлемейді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG