Accessibility links

Ауыр атлет Ақмолда жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-та өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 61 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар сайысында 16 жастағы қазақстандық Сайрамкез Ақмолда алтын алды.

Ол жұлқа көтеру және серпе көтеру жаттығуы бойынша 257 келі көтерген. Бұған қоса, жұлқа және серпе көтеру бойынша кіші күміс медаль алды.

Екінші орынды - түркиялық спортшы Юсуф Фехми Генч (254 кг), үшінші орынды вьетнамдық Динх Санг Буй (243 кг) иеленді.

8 наурызда Лас-Вегаста басталған чемпионат 15 наурызға дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің елу елінен 13-17 жас аралығындағы 200-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарысқа Ақмолда Сайрамкезден бөлек тағы төрт қазақстандық спортшы қатысып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG