Малайзия соты Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның бауырын өлтіруге күдіктілердің бірін қамаудан босатты. Индонезияның 26 жастағы азаматы Сити Айсиа түрмеден шықты деп хабарлады Reuters.
2017 жылы 14 ақпанда Куала-Лумпур әуежайында бетіне аса улы VX токсині жағылған орамалды лақтырғаннан кейін Ким Чен Нам көп ұзамай жан тапсырды. Малайзия полициясы бұл қылмысқа күдікті Вьетнам азаматы Доан Ти Хуонг пен индонезиялық Сити Айсианы ұстады. Адвокаттар ұсталған екеу әлдебір шоуға қатысып жүрміз деген оймен алданып қалған деп мәлімдеді. Сити Айсианың сөзінше, оған 400 Малайзия ринггитін (90 долларға жуық) төлеген біреулер "қалжың үшін" Ким Чен Ынның бетіне "балалар майын" шашуды ұсынған деп хабарлады ВВС.
Ким Чен Нам – Солтүстік Кореяның бұрынғы лидері Ким Чен Ирдің үлкен ұлы. Өмірінің соңғы жылдары негізінен шетелде тұрған ол Пхеньян билігін сынап жүрді. Оңтүстік Корея билігінің дерегінше, бұл қылмысқа Солтүстік Корея арнайы қызметінің қатысы болуы ықтимал.
БҰҰ жүйке жүйесін зақымдайтын VX токсинін жаппай қырып-жою қару түріне жатқызған.
Оңтүстік Корея Ким Чен Ынның бауырын өлтіруге Солтүстік Корея билігі мүдделі болуы мүмкін деп күдіктенеді. АҚШ Ким Чен Ынның қазасына Пхеньянды айыптап, Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция салды.
ПІКІРЛЕР