Accessibility links

Өзбекстанда әйелдерге жасанды ұрықтандыруға рұқсат берілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өзбекстанда әйелдерге жасанды ұрықтандыру технологиясын пайдалануға заң жүзінде рұқсат берілді. Бұл туралы өзбек президенті Шавкат Мирзиеев 11 наурызда қол қойған "Азаматтардың репродуктивті денсаулығы туралы" заңында жазылған. 12 наурызда заң ресми басылымдарда жарияланды.

Азаттықтың өзбек қызметінің жазуынша, бала сүйгісі келген өзбекстандықтар бұған дейін жасанды ұрықтандыру үшін Қазақстан, Түркия, Ресей мен Израильге баруға мәжбүр болған.

Оқи отырыңыз: Бедеулік жеке отбасының мәселесі ме?

Өзбекстанда жүргізілген бірнеше зерттеу тұрмыстағы әйелдердің 5 пайызы бастапқы бедеулікке шалдыққанын анықтаған. Басылымдар "елде "бедеулік" диагнозы бойынша 25 мың әйел мен 7 мың ер адам дәрігер қарауында" деп жазады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG