Accessibility links

Ресей әуе соққысынан Сирияда кем деген 10 бейбіт тұрғын қаза тапты


Үйінділер арасында ойнап жүрген сириялық балалар. Көрнекі сурет.
Үйінділер арасында ойнап жүрген сириялық балалар. Көрнекі сурет.

Ресейдің Сириядағы Идлиб провинциясында 13 наурызда жасаған әуе соққысынан кем дегенде 10 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі көтерілісшілер, сондағы тұрғындар мен құтқарушыларға сілтеме жасап xабарлады.

Лондонда жұмыс істейтін Сирия адам құқықтарын бақылау орталығы 13 азамат қаза тапқанын айтады. Ұйым дерегінше, оның алтауы - бала. Құқық қорғаушылар "алпысқа тарта адам жараланған" дейді. Олар "ресейлік зымырандар 24 сағат бойы бірнеше рет соққы жасады. Бұл - соңғы бірнеше айдағы ең жойқын шабуыл" деп бағалады.

Соққы көтерілісшілерді көздеген. Бомбалау кезінде Идлиб іргесіндегі түрме бұзылып, қамауда отырған ондаған адам қашып кеткен деп жазады Reuters.

Ресей сыртқы істер министрлігі экстремистік топтардың бірінің қару қоймасы жойылғанын xабарлады. "Қаза тапқан бейбіт тұрғындар" туралы xабарға министрлік пікір білдірмеген. Бұған дейін мұндай айыптарды Кремль жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG