Бішкектің батыс бөлігінде тұрғын үй мен жүк көлігі өртенді еп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.
Қырғызстанның төтенше жағдай министрлігінің дерегінше, Қостанай көшесіндегі тұрғын үйден өрт шыққан. Оқиға орнында бес өрт сөндіру тобы жұмыс істеген.
Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түсірілген видеоларды да жариялап жатыр. Видеолардың бірінен өрттің жан-жаққа жайылып жатқаны, үй маңындағы жүк көлігінің өртеніп жатқаны көрінеді. Зардап шеккендер туралы әзірге дерек жоқ.
ПІКІРЛЕР